Аяққамыс, Аққамыс – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Тоқанай ауылының оңтүстік-батысында 32 км жердегі тұйық көл.

Гидрографикасы Ұзындығы 6,7 км, ені 2,5 км, аумағы 12 км2 (жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады). Жағасы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Суы ащы. Жағалауы мал жайылымы, алабының 30 – 40%-ы егіндік.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы көлдері