Бабықбұрлық – Есіл алабындағы өзен.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы өзен. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 1 320 км2.

Бастауы Көкшетау қыратының солтүстік бөлігінен басталып, Рухловка ауылының оңтүстігінде Аққанбұрлық өзеніне құяды.

Гидрологиясы Өзеннің 8 саласы бар. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Қараша айының басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы