Байқара, Бұрма – Нұра өзені алабында.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен өтеді. Шерубайнұра өзенінің сол саласы. Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 661 км2.
Бастауы Бастауын Қосшоқы тауынан алып, Шерубайнұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жағалауы жазық, арнасы құмды, малтатасты келеді. Жер асты, қар суларымен толығады. Орташа су ағымы 0,4 м3/с. Өзен суы егін, мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы