Байтайлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батыс шетінде, Қарағайлы кентінің солтүстік-шығыс жағында 30 км жерде орналасқан тау.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері 1002 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 км жерге созылып жатыр, ені 5 км. Девон гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, қара сұлы, әр түрлі дала өсімдіктері өседі, қараған қопалары бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары