Бала Түндік – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағып өтеді.
Бастауы Саумалкөл көлінің шығысындағы қыраттан бастау алып, Ақтасты ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде Түндік өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 122 км. Су жиналатын алабы 1837 км2. Көктемде қар суымен толығып, тасиды. Өзен аңғары жайылымға, мал суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы