Накадзима әуе көлік жасап шығарушы компаниясы ( / ) — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшу аппараттарын жасап шығарумен айналысқан жапондық компания.
Жапонияның ең алғашқы ұшақ жасап шығарушысы, оның негізін 1917 жылы Тикуэй Накадзима қалаған. 1931 жылы аты «Накадзима әуе көліктері компаниясы» болып өзгертілді. Жапония соғыста жеңілгеннен кейін компания қазіргі кезде Фудзи Раббит мотоциклдері мен Субару автокөліктерін шығаратын Фудзи компаниясы болып қайта құрылды.
Накадзима әуе көліктері компаниясының өндіріс орындары төмендегі кәсіпорындардан тұратын: Токио зауыты Мусашино зауыты Донрю зауыты Ота зауыты (Ота бекетінің маңында орналасқан). 1934 жылғы қарашаның 16-сында жапон императоры Хирохито сол зауытта болып қайтты. 1945 жылғы ақпанның 10-ында америкалық әуе күштерінің бомбылық соққысының нәтижесінде қатты қирап істен шықты. Коидзуми зауыты, (Ниши-Коидзуми бекетінің маңында орналасқан). 1945 жылғы сәуірдің 3-інде америкалық әуе күштерінің бомбылық соққысының нәтижесінде қатты қирап істен шықты. Қазіргі таңда Саньо компаниясына қарасты зауыт.
__NOTOC__ Накадзима компаниясы шығарған әуе көліктері Поршеньді қозғалтқыштылары Накадзима A2N — 1930 жылғы жойғыш ұшақ Накадзима Type 91 — 1931 жылғы моноплан жойғыш ұшақ Накадзима A4N — 1935 жылғы жойғыш ұшақ Накадзима E8N — 1935 жылғы теңізде барлау ұшағы Накадзима AT-2 — 1936 жылғы жолаушы ұшағы Накадзима Ki-27 — 1936 жылғы жойғыш ұшақ Накадзима Ki-34 — 1937 жылғы әскери тасымалдаушы ұшақ Накадзима B5N — 1937 жылғы торпедолық бомбылаушы Накадзима Ki-43 Хаябуса («Лашын») — 1939 жылғы жойғыш ұшақ Накадзима Ki-44 Шоки («Шайтан жойғыш») — 1940 жылғы жойғыш ұшақ Накадзима Ki-62 — 1941 жылғы жойғыш ұшақтың тәжірибе үлгісі Накадзима A6M2-N Нишики суйсен — 1941 жылғы Митсубиши A6M Зероның суға қона алатын түрі Накадзима G5N Шинзан («Тау қойнауы») — 1941 жылғы төрт қозғалтқышты ұзық қашықтықты бомбылаушы Накадзима Ki-49 Донрю («Дауыл айдаһары») — 1941 жылғы орташа бомбылаушы Накадзима J1N Гекко («Ай шуағы») — 1941 жылғы құрлықта орналасатын түнгі жойғыш ұшақ Накадзима Ki-84 Хаяте («Дауыл») — 1943 жылғы жойғыш ұшақ Накадзима B6N Тензан («Аспан тауы») — торпедолық бомбылаушы Накадзима J5N Тенрай ( «Аспан жасылы») — 1944 жылғы бір орынды қос қозғалтқышты ұстаушы Накадзима C6N Сайун («Түсті бұлт») — 1943 жылғы барлаушы ұшақ Накадзима Ki-87 — 1945 жылғы жоғары биіктікті ұстаушы Накадзима G8N Рензан («Тау жотасы») — 1945 жылғы ауыр төрт қозғалтқышты ұзақ қашықтықты бомбылаушы Накадзима Ki-115 Цуруги («Семсер») — 1945 жылғы арнайы мақсатты ұшақ (камикадзелерге арналған) Накадзима G10N Фугаку («Фудзи тауы») — 1945 жылға жобаланған алты қозғалтқышты ұзақ қашықтыққа арналған бомбылаушы
Реактивті қозғалтқышты жобалар Накадзима J9Y Кикка Кикка («Апельсин гүлі») — 1945 жылғы реактивті ұшақ, екі моделі жасалды Накадзима Ki-201 Карю («Отты айдаһар») — 1945 жылғы реактивті ұшақ, немістің Мессершмидт Me 262-сіне өте ұқсас, жобасы ғана жасалды
Тағы қараңыз Накадзима шығарған барлық ұшақ түрлерінің тізімі
Сыртқы сілтемелер Nakajima hikouki no omoide Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Накадзима ұшақтары
Санат:Жапония әуе көлік жасап шығарушылары