Балықтыкөл – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы тұзды, тұйық көл.

Гидрографикасы, сипаты Аумағы 6,05 км2, ұзындығы 5,8 км, ені 1,5 км. Көлге Шаған өзенінің бір тармағы құяды. Жағасы жайпақ. Суы қараша айының ортасында қатып, сәуірдің бірінші онкүндігінде мұзы ериді. Шаруашылыққа пайдаланылмайды. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері Санат:Тұзды көлдер