Барылдауық қоңыздар немесе Барылдақ қоңыздар, Ызылдақ қоңыздар () – қатты қанаттылар отрядына жататын түн қоңыздары, жыртқыш қоңыздардың үлкен тобы. Жер шарында кең тараған 25 мыңдай түрі белгілі, оның 1000-ға жуығы Қазақстанда кездеседі, негізгі туыстары: Сarabus, Сaolosoma, Сіcіneea.
Олардың көбісі ұшу қабілетінен айырылған, есесіне өздерінің ұзын аяқтарымен өте жылдам жүгіреді. Барылдақ қоңыздар - белсенді жыртқыштар. Олар қоңыздармен, жұлдызқұрттармен, құрттармен, шырышты ұлулармен айқасуға мүмкіндік беретін күшті жақтармен қаруланған.
Барылдауық қоңыздар күндіз топырақ арасында жасырынып, түнде қорек іздейді. Сопақша денесінің ұзындығы 1 – 2 мм-ден 80 – 90 мм-ге дейін барады. Түсі көбінесе жылтыр қара, қара, жасыл болады. Жіңішке 3 жұп аяқтары жүгіруге, ауыз қуысы кеміруге жақсы бейімделген. Басы кеудесінен айқын бөлектенген, ұзын мұртшалары бар. Барылдауық қоңыздар дернәсіл және қуыршақ сатылары арқылы дамиды. Жұмыртқаларын тамыз айында топырақ арасына салады, олардан 15 – 20 күнде дернәсіл шығады. Дернәсілдер топырақтың тереңірек қабаттарында қыстап, көктемде жер бетіне шығады да, дәнді өсімдіктердің жапырағымен қоректенеді. Мамыр айында пайда болған қуыршақ 12 – 15 күнде қоңызға айналады. Барылдауық қоңыздардың көпшілігі жәндіктерді, моллюскілерді, құрттарды, т.б. жеп пайда келтіреді. Ал кейбір түрлері (мысалы, астық, тары, т.б) дәнді дақылдардың зиянкестері. Барылдауық қоңыздардың 8 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазақ Энциклопедиясы
Таралуы Олардың таралу кеңістігі - арктикалық тундрадан тропикалық ормандарға дейін, бірақ кей түрлерінің сиреп кеткені соншалық, қамқорлыққа мұқтаждық танытып отыр. Мәселен, Авинов барылдақ қоңыздары, венгер, Геблер және кавказдық қоңыздар Ресейдің Қызыл кітабына ендірілген. Олардың мөлшері қоңыздардың тіршілік ететін мекенін жоюдың кесірінен күрт азайып кетті. Бұған ауыл және орман шаруашылығына инсектицидтерді де қолдану үстеме соққы болып отыр. Сирек түрлерге жататындардың бірі - сұлуденелі аңқыма-алтын-көк-жасыл топшылы ірі барылдақ қоңыз. Қоңыздардың көпшілігі жерде несібесін теріп жүргенде, аңқыма өз олжасын ағаштардан іздейді. Бір жазда бір қоңыз жұпсыз жібекқұртының 200 жұлдызқұртының түбіне жетеді. Ал олар - қылқанжапырақты орманның нағыз зиянкес жаулары. Дегенмен осы барылдақ қоңыздар ауа-райын, қоршаған ортаға тез үйреніп, бірден бейімделеді. Және де олар қазіргі кезде барлық жерде өмір сүреді де айтуға болады.
Қажетті абиотикалық факторлар Барылдақ қоңыздарға ең маңызды абиотикалық факторлардың бірі ол ылғалды жер немесе топырақ. Қоңыздың көптеген түрлері ылғалды және температурасы жоғары емес биотоптарды қажет етеді. Көбінесе бұндай факторлар жыртқыш-полифагтар үшін қажет. Ал фитофагтар болса өз ылғалдылығын қалпына келтіре алатындықтан оларға бұл факторлар аса қажет емес. Сондай-ақ, паразитоидтар араларында ылғалсыздыққа және жоғары температураға шыдамды түрлері табылады.
Тәуліктік өмір сүру салты Осы қоңыздардың барлық күн және түн тіршілік түрлері белгілі. Көктемде жер ылғалдылығына, төмен температураға байланысты түнде тіршілік ететін қоңыздар күндіз де тіршілік ете бастайды. Осылай көктемде жазық жерде бұл қоңыздарды еркін көруімізге болады. Ал жаз басында альпі көгалдарында түнде тіршілік ететін, дегенмен күндіз аса белсенді болатын Carabus, Pterostichus, Calathus және Nebria секілді қоңыздар кездестіре аласыз. Бір қызықтығы бұндай құбылыс әсіресе Карпат және Кавказдың ылғалдың облыстарына тән. Ал Орталық Азия мен Шығыс Кавказда бұл аз. Топырақ ылғалдығының азаюы мен температура көтеріле бастауына байланысты көпшіліг түнгі өмір салтына көшеді. Көп түрде белсенділік тәулік ішінде күншығыс кезіне қарағанда күнбатыс кезінде болады. Бұның себебі ылғалдылық дефициті. Яғни күншығыс кезінде температура көтеріледі, ал ылғалдылық соған байланысты күрт түседі. Ал күнбатыс кезінде керісінше температура төмен түсіп, ылғалдылық көтеріледі. Сонымен қатар күншығыстағы белсенділік аз болу себебі күн инсоляциясы болуы мүмкін.
Классификациясы Бұл барылдақ қоңыз түрлері мен тұқымдастары әлі күнге дейін анықталуда және олардың саны өте көп. Anthia Brachininae Brachinus Carabinae, Latreille, 1802 Calosoma Weber, 1801 Carabus Linnaeus, 1758 Cychrus Fabricius, 1794 Leistus Frölich, 1799 Nebria Latreille, 1802 Notiophilus Dumeril, 1806 Pelophila Dejean, 1821 Cicindelinae Latreille, 1802 Cicindela Linnaeus, 1758 Cylindera Westwood, 1831 Elaphrinae Latreille, 1802 Blethisa Bonelli, 1810 Diacheila Motschulsky, 1845 Elaphrus Fabricius, 1775 Harpalinae Bonelli, 1810 Abax Bonelli, 1810 Acupalpus Dejean, 1829 Agonum Bonelli, 1810 Amara Bonelli, 1810 Anchomenus Bonelli, 1810 Anisodactylus Dejean, 1829 Anthracus Motschulsky, 1850 Badister Clairville, 1806 Bradycellus Erichson, 1837 Calathus Bonelli, 1810 Callistus Bonelli, 1809 Calodromius Reitter, 1905 Chlaenius Bonelli, 1810 Cymindis Latreille, 1806 Demetrias Bonelli, 1810 Diachromus Erichson, 1837 Dicheirotrichus Jacqelin du Val, 1857 Dolichus Bonelli, 1810 Dromius Bonelli, 1810 Harpalus Latreille, 1802 Laemostenus Bonelli, 1810 Lebia Latreille, 1802 Licinus Latreille, 1802 Lionychus Wissman, 1846 Masoreus Dejean, 1821 Microderes Faldermann, 1835 Microlestes Schmidt-Goebel, 1846 Odacantha Paykull, 1798 Olisthopus Dejean, 1828 Oodes Bonelli, 1810 Ophonus Stephens, 1828 Oxyselaphus Chaudoir, 1843 Panagaeus Latreille, 1802 Paradromius Fowler, 1887 Paranchus Lindroth, 1974 Pedius Motschulsky, 1850 Perigona Laporte de Castelnau, 1835 Philorhizus Hope, 1838 Platyderus Stephens, 1828 Platynus Bonelli, 1810 Plochionus Wiedemann, 1823 Poecilus Bonelli, 1810 Pterostichus Bonelli, 1810 Sericoda Kirby, 1837 Sphodrus Clairville, 1806 Stenolophus Dejean, 1821 Stomis Clairville, 1806 Syntomus Hope, 1838 Synuchus Gyllenhal, 1810 Zabrus Clairville, 1806 Loricerinae Bonelli, 1810 Loricera Latreille, 1802 Omophroninae Bonelli, 1810 Omophron Latreille, 1802 Paussinae Arthropterus Macleay, 1838 Megalopaussus Lea, 1906 Mystropomus Chaudoir, 1848 Scaritinae Bonelli, 1810 Dyschirius Bonelli, 1810 Trechinae Bonelli, 1810 Aepus Samouelle, 1819 Asaphidion Des Gozis, 1886 Bembidion Latreille, 1802 Bhutanotrechus Ueno, 1977c Blemus Dejean, 1821 Broscus Panzer, 1813 Cillenus Leach, 1819 Miscodera Eschscholtz, 1830 Ocys Stephens, 1828 Patrobus Dejean, 1821 Perileptus Schaum, 1860 Pogonus Dejean, 1821 Porotachys Netolitzky, 1914 Rhysodes Dejean, 1821 Tachyra Motschulsky, 1862 Tachys Dejean, 1821 Tachyta Kirby, 1837 Trechoblemus Ganglbauer, 1891 Trechus Clairville, 1806
incertae sedis Acinopus Latreille Agatus Motschulsky Amblystomus Erichson Apotomus Ill. Apristus Chaudoir Aptinus Bonelli Callisthenes F.-W. Cardioderus Dejean Carterus Dejean Clivina Latreille Corsyra Dejean †Cretorabus Cyhrus Fabricius Daptus F.-W. Deltomerus Diachila [ Dichirotrichus Duv. Ditomus Bonelli Drypta Latreille Duvaliopsis Jeann. Duvalius Delar. Eriotonus Pioch. Gynandromorphus Dejean Harpalobrachys Tschit. Hemiaulax Bat. Lasiotrechus Cglb. Limnastis Motschulsky Lorocera Latreille Mastax F.-W. Metabletus Schmidt-Goebel Molops Bonelli Odontonyx Stephens Omophoron Latreille Parophonus Cglb. Penthus Chaudoir Polystichus Bonelli Pseudaphaenops Winkl. Scarites Fabricius Taphoxenus Motschulsky Thalassophilus Woll. Trachypachys Motschulsky Trichocellus Cglb. Trichotichnus A. Mor. Zuphium Latreille
Дереккөздер
Сілтеме Барылдауық қоңыздар http://www.zin.ru/Animalia/Coleoptera/rus/incoca2.htm http://tolweb.org/accessory/Carabid_Biologists?acc_id=2 http://www.zin.ru/ANIMALIA/COLEOPTERA/rus/tru_cara.htm
Санат:Қатты қанаттылар