Батпақгүл () – субеделер тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдігі. Қазақстанда Ертіс, Тобыл, Есіл, Зайсан, Балқаш, Алакөлде, өзен-көл жағалаулары мен ағысы тынық суларда өсетін қалқанжапырақты батпақгүл (N. peltatum) деген бір ғана түрі кездеседі. Оның тамыр сабағынан өсіп-жетілетін жатаған бунақты сабақтарына суда қалқып жүретін қалқанша жапырақтары орналасады. Гүлдері ашық сары түсті, күлте жапырақшалары масақша пішінді болады. Шатырша гүлшоғыры сабағының ұшында жетіледі. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісінің ұзындығы 6 мм-дей қорапша тәрізді, піскен кезде қақ жарылады. Қалқанжапырақты батпақгүл мен батпақгүлдің сұрыпталып қолдан өсіріліп шығарылған сорттары бау-бақшаны, қала саябақтарындағы су айдындарын безендіру үшін қолданылады. Су құстары мен балықтар батпақгүлді қорек етеді. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Сілтеме Батпақгүл

Санат:Субеделер