Геннадий Фадеевич Шляпин (13.8.1912, Қызылорда облысы, Қазалы - 13.8.1970, Ташкент қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия полковнигі, полк командирі. Орыс.
Аграрлық- индустриялық техникумды бітірген. Қазалы МТС-ында, Осо авиахим облыстық кеңесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1934-36, 1939-40 жылы болды. 1941 жылы Ташкент жаяу әскер училищесін бітірді. 1941 жылдың шілдесінен 1- Прибалтика майданы 6-гвардиялық армия 67-гвардиялық атқыштар дивизиясы 196-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 30 қазан - 1944 жылы 13 желтоқсан аралығында полк басқарды. 1944 жылы 23 маусымда Шляпиннің полкі жаудың қорғаныс бекінісіне шабуыл жасап, Заборье ауданынан қуып шықты. Дұшпанның маңызды тірек пункті Сиротиноны басып алып, Витебск-Полоцк торабында жауды бөгеді. Дұшпанды өкшелей қуған полк Батыс Двина (Даугава) өзенінен өтті. Осы шайқастардағы ерлігі үшін майор Шляпинге КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.6.1944).
Соғыстан кейін «Выстрел» курсын (1947), Бас штабтың Әскери академиясы жанындағы курсын (1957) бітірді. 1958 жылы запасқа шықты. Қазалы, Ташкент қалаларында жұмыс істеді.
Қазалы қаласындағы бір көшеге Шляпин есімі берілген.
Ленин, Қызыл Ту, Богдан Хмельницкий, Суворов, l-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:13 тамызда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Қазалыда туғандар Санат:13 тамызда қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:КСРО полковниктері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Богдан Хмельницкий орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Ұлы Отан соғысы полк командирлері Санат:Ташкенттегі Боткин зиратында жерленгендер Санат:Ташкент жаяу әскер училищесі түлектері