Бектемір – Қызылқұмның солтүстік-шығыс бөлігіндегі құдық.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында. Тереңдігі 16 м, су шығымы 500 л/сағ. Құдық маңындағы тізбекті төбешіктердің теңіз деңгейінен биіктігі 200 м шамасында. Оңтүстігінде Әменшақ, Жоғары Мұсабай, Әліп құдықтары орналасқан. Бектемірдің айналасын сексеуіл тоғайы қоршаған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары