Берікқара – Тарбағатай жотасының солтүстік-батыс сілеміндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерінде.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 35-40 км-ге созылып жатыр, ені 10-25 км. Абсолюттік биіктігі 923 м. Батыс бөлігі силур жыныстарынан, шығыс бөлігі девон және ордовик кезеңі жыныстарынан түзілген. Беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген.

Өсімдігі Қызылқоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қайың, тал өседі, аңғары шалғынды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары