Бетке шымылдық тұтып әкелу - неке салтындағы рәсім. Ұзатылып келе жатқан қалыңдық күйеуінің елі шегіне жеткенде алдынан жас келіннің абысын-ажындарының бірі жорға мініп шығады да, басына шәлі жауып, алдына шымылдық тұтады. Қалған жастар келін алдынан шымылдықты ұстап жүріп ауылға жаяу апарады. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология