Бесшоқы – Қызылқұмның шығыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 303 м. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге, енді жері 5 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері Оңтүстік беткейі тік жыралармен тілімденген. Оқшауланған тау массивінен тұрады. Баурайында Жұмабек, Ақболаткелте құдықтары орналасқан. Таудың солтүстік-батыс беткейі тегіс, жайпақ келген.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік шөптесіндері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы таулары