Бұзбаша - құнан шығар інген. Мұндай тайлақ жасынан өткен ұрғашы түйені кейбір өңірлерде бүлдіршін, бұзбаша деп қатар атай береді. Байырғы кезде мал баққан, бірді-екілі түйесі бар шаруалар бұзбашаны жетілген ұрғашы түйе қатарына санап, бураға қолдан шөгерген екен. Қазақта «Бүлдіршін көзін сүзбесе, буыршын бұйдасын үзбейді» деген мақал бар. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Түйелер