Бүрме сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: Бүрме (тәсіл) — етті жас күйінде сақтаудың тәсілі. Бүрме (тағам) — туралған етті өзінің майы мен сөліне бұқтырып дайындайтын тағам түрі. Бүрме — 1. Қыстық соғымнан жылқының қарнына қатырып, көктемде жеуге сақталатын ет. Қарынға малдың кеудесі мен екі санынан басқа еті түгел сыяды; 2. Ақмола облысында сан етін тұтас алып, омыртқа, белдемемен бірге қабырғаға орап, қабырғаға салып қатырған ет. Оған қол, жіліншік, бұғаналар кірмейді. 3. Қой, не ешкіні сойған соң, қарынын айналдырып, ішіне сүйегін сындырып, етімен қоса салып, жерден қазылған шұңқырға көміп, үстіне от жағып барып пісірілетін бтамақ. Әдетте буын шығару үшін қарынның аузына екі шеті тесілген жілікті немесе қамыстан жасалған түтікті бірге салып байлайды, бұл тағамды сыртта мал бағушы малшылар жасап жейді;Қайдар Әбдуали Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік) Адам.– Алматы: Дайк–Пресс, 2009.
Дереккөздер