thumb|right|200px|Гравюрадағы иші thumb|right|200px|Былғары өңдеу цехі Былғары өңдеу — мал терілерін илеп, бояп, өн беру. Ертеден келе жатқан, жақсы дамып жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді әрі әдемі. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Былғары түрлері Малдың тұқымы мен күтіміне қарай былғарының өңі де, құрылымы да әртүрлі болады. Көзел — жұмсақ былғары. Көксауыр — көк бояуға боялған сапалы көн. Көн — ірі қараның терісінен иленген қатты былғары. Опайке — бұзау терісінен өңделген былғары. Сапиян — былғарының ешкі терісінен жасалған ең жоғары сапалы түрі. Сауыр — малдың белдемше мен сан үсті терісінен жасалатын былғарының қалың түрі. Сүрік — ең жоғарғы сортты жұмсақ былғары. Шабыра — ешкі терісінен жасалған былғары. Шегірен — ешкі мен қой терісінен жасалатын, бетінде бұдыры бар жұмсақ былғары.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі (Құрастырған А. Құралұлы) — Алматы, 1997 жыл.
Өңдеу әрекеттері Тері ұқсату қалыптан қатыру, өрнектеп тігу, батырып бедерлеу, бояп құрастыру, өрмелеп тоқу әдістерін қамтиды.
Илеу — теріні и жағып, иін қандырып уқалау, жұмсарту. Мұндағы и — мал терілерін илеуге, өңдеуге арналған малма.
Малманы езген құртқа, қатық сары суына, айран-қатыққа, ұн немесе дәннен жасаған көжеге жылы тұзды су араластырып, ашыту жолмен әзірлейді. Бірнеше тәулік тұрған соң қоспа быжып ашиды. Жылы сумен жуылған теріні шелекке немесе күбіге құйылған малмаға бірнеше күн бойы салып қояды. Қой-ешкі терісі 6-9 күнде иленеді. Малмада иі қанған теріні сабынды сумен жуып, қоңыр салқын кезде ауада кептіреді де, талқыға салып, ирек ағашпен уқалап, жұмсартып, бояйды.
Әлі илеуі жетпеген, бабына келмеген теріні, қайысты шылғи дейді. Ал әбден иі қанып жұмсартылған теріні күдері деп атайды. Ол жұмсақ әрі беті барқыт тәрізді түкті болады. Күдері әртүрлі түске боялады. Күдеріден сырт киім, аяқ киім, қолғаптар тігіледі. thumb|right|220px|Өңделген былғары Мал мен аң терілерін илеп өңдеуге жетік адамды иші деп атайды.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Батырма (ою-өрнек) Шелдеу
Санат:Жеңіл өнеркәсіп Санат:Тері