Бозайғыртау – Ақмола облысы, Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км жерде орналасқан тау тарамы.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 620 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай ұзындығы 8 км, ені 3 км доға тәрізді созыла орналасқан. Шығыс беткейі тік жарлы. Тау беткейлері эрозиялық-тектоникалық сай-жыралармен тілімденген.
Өсімдігі Қара қоңыр топырағында боз, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары