Большое кривое – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьковка ауылының оңтүстігінде 8 км жердегі көл.

Гидрографикасы Аумағы 4,77 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 158 м. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,6 км, жағалауының ұзындығы 17,3 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Суы кермек, тұтқыр, аздап сілтілі.

Жағалау сипаты Көл жағалауында жусан, бетеге, боз, селеу, бұталы шөптесіндер өседі.

Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері