Ботамойнақ – Қырғыз Алатауы жотасының батысындағы тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тараз қаласынан шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 1637 м. Тау батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Ботамойнақ Қырғыз Алатауы арқылы Қырғыз еліне өтетін асу жол. Бұл таудың "Ботмойнақ" аталу себебі, осы шыңға үңіліп қараса ботаның иілген мойнына ұқсайды.
Жер бедері Беткейлері жарқабақты. Тауаралық ойыстардан, Қырғыз Алатауы жотасы аралығындағы ойпаңдардан бұлақтар ағып шығады.
Өсімдігі Беткейіндегі қара топырағында бұталар, бетеге, астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясыЖамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) таулары