Дағдан () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Таралуы Қазақстанда Солтүстік, Батыс Тянь-Шань тауларының биік белдеулерінде өсетін 3 түрі (сарғыш түсті Дағдан, тауқалақайгүл Дағдан, ұзын жапырақты Дағдан) бар.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 30 – 80 см. Сабақтары тік, жоғары жағы бұтақты, төрт қырлы, сыртын түк жапқан. Жапырақтары отырыңқы, сирек сағақты, шеті тісті тіліктенген. Күлтесі қос ерінді, қызғылт түсті. Аталығының жоғары бөлігі түкті, төменгісі тықыр. Аналық мойнының жоғары жағында екі біз сияқты қалақшасы бар. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – үшқырлы жаңғақша. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан флорасы Санат:Еріндігүлділер