Деңгел , эутрема () – орамжапырақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Қазақстанда альпілік және субальпілік белдеулер мен қылқанжапырақты ормандарда тұтас жапырақты Д. (E. іntegrіfolіum), жалған жүрек жапырақты Деңгел (E. pseudocardіfolіum) және эдвардс Деңгелі (E. edwardsі) өседі. Олардың биіктігі 30 – 80 см, жатаған тамырлы, жалаңаш тік сабағы болады. Ұзын сағақты жапырақтары жүрек тәрізді. Ақ немесе сары түсті гүлдері сабақ ұшындағы шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуірден шілдеге дейін гүлдейді. Мамыр – тамыз айларында жемістенеді. Жемісі – ұзынша келген бұршаққын. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы

Санат:Орамжапырақтар