Досайқопа – Тобыл өзенінің алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 256,5 м биіктікте орналасқан. Аумағы 8,90 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3 км, жағалауының ұзындығы 11,5 км. Жағалауы жайпақ, түбі тегіс, лайлы келген. Негізінен қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Көлдің жағалауында қамыс, құрақ, т.б. өсімдіктер өседі. Суы тұзды. Досайқопа көлінің жанында Көбенқопа, Оразқопа, Қояндықопа көлдері бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы