Дулығалы Жыланшық – Ұлы Жыланшық өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 3,1 мың км2.
Бастауы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Құсмұрын, Үшқырлытау және Ақтас тауларының батыс беткейлерінен басталып, Бірәлі қыстауы тұсында Ұлы Жыланшық өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қар және жер асты суларымен толығады. Арнасы енсіз, өзенді бойлай тал, т.б. бұталар өседі, жағасы жарлы келеді. Жаз айларында суы иірімдерге бөлініп қалады. Қараша – наурыз айлары аралығында суы қатады. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы