Елдіжан қарашоқысы – Доңызтау тауының солтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 68 м. Таудың батысынан Аққоңыр, шығысынан Қамысты өзендері ағып өтеді. Оңтүстік-батыс беткейі тіктеу, солтүстік жайпақ келген. Солтүстігінде Қосқарашоқы тауы, батысында Замыстақ тауы, оңтүстігінде Доңызтау жоны, шығысында Қарашоқы тауы орналасқан.

Өсімдігі Тақыр және сұр қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік өседі.Қазақ энцклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары