Елшібай – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Жамбыл кентінен солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 км-ге созылған, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 936 м.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Бір-бірінен оқшауланған бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девонның интрузивті гранитоид жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, бұталар өседі. Тау етегі жайылымға және қыстауға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары