Есенжол – Атырау облысы Жылыой ауданы Қарақұм құмының солтүстік-шығысында 25 км жердегі сор. Құлсары қаласының шығысында орналасқан.
Сор теңіз деңгейінен 3 – 4 м төменде. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 22 км, енді жері 13 км-ге созылып жатыр. Сордың аумағы жер асты суының көтерілуіне байланысты өзгеріп отырады. Аймақ шаруашылықты жүргізуге жарамсыз.Қазақ энцклопедиясы Жеріңнің хаты – Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. «Аруана» Алматы, 2006. ISBN 9965-26-174-1
Дереккөздер
Санат:Сорлар Санат:Атырау облысы сорлары Санат:Жылыой ауданы географиясы