нобай|Етеккір циклі Етеккір немесе Менструация циклі — бір жұмыртқа жасушасының жетілуі, оның овуляциясы (фолликуладан шығуы) ескіруі және тіршілігін жоюы және жыныс жүйесінің келесі жұмыртқа жасушасының жетілуіне дайындығынан тұратын уақыт кезеңі. Осы уақыт аралығында әйел ағзасында жыныс гормондары әртүрлі концентрацияда өндіріледі. Негізгі екі жыныс гормонының мөлшері циклдің қандай да бір фазасының уақыты мен ұзақтығын анықтайды.
Орташа менструация циклі 28 күнге созылады. Бірақ ағзаның жеке ерекшелігі де болады. Соған байланысты менструация циклінің уақыты 23 күннен 35 күнге дейін өзгеруі мүмкін.
Алғашқы етеккір көбіне 12—18 жас аралығында келеді. Оның келуіне дейін балаларға жан-жақты түсінік беріп, алдын-ала дайындау керек. Әдетте етеккір белгілі бір уақыт өткен соң (3—5 апта) қайталанып, әркімнің организм ерекшелігіне қарай 3 күннен 7 күнге дейін созылады. Кейбір қыз балалардың етеккірі (әсіресе ол тым ерте келсе) арада 1—2 жыл уақыт өткен соң барып бір жүйеге түседі. Етеккір келген кезде әйел сезімтал болуы мүмкін, іші ауырып, жүрегі айниды, белі ауырады.Yonkers K. A., O'Brien P. M. S., Eriksson E. Premenstrual syndrome //The Lancet. – 2008. – Т. 371. – №. 9619. – С. 1200-1210.. Етеккір циклы мен жүйелілігінің бұзылуы ағзадағы кейбір өзгеріске байланысты болады. Бұл өзгерістің себебін анықтау үшін әр әйелдің етеккірі келетін мерзім мен оның созылу ұзақтығын белгілеп отырғаны жөн. Етеккір күндерін арнайы күнделікте белгілеп тұрса, ол басталатын уақытты алдын ала біліп тұруға болады. Әйелдерге мұндай күнтізбе қай кезде жүкті бола алатынын және келесі етеккірдің келу мерзімін неғұрлым есептеуге көмектеседі. Дегенмен, әр әйелдің етеккір мерзімі өзгеше болғандықтан, оның тұрақты болмауы да мүмкін. Гинекологиялық ауруларды болдырмау үшін етеккірі келген кезде кейбір арнайы гигиеналық ережелерді сақтау шарт: күніне кемінде екі рет жыныс органдарының сыртын қайнаған жылы сумен жуу керек. Бұл үшін қол таза болғаны жөн.
Қазіргі кезде етеккірге арналған негізгі бірнеше гигиена құралдары бар: дәкеден жасалған гигиеналық төсемдер, тампондар, арнайы шолақ дамбалдар және «айлық ыдыстар». Төсемдер мен арнайы шолақ дамбалдарды - сыртқы, ал тампон мен «кыдыстарды» ішкі/қынаптық деп екіге бөлуге болады. Төсемше мен тампон жалғыз реттен қолданылатын өнім болса, денеге жағымды материалдан жасалған, арнайы шолақ дамбалдарды суық сумен жуып, ал «айлық ыдысты» жуып-қайнатып, ай сайын қолдануға болады.
Қыздардың екі аналық безінің әрбірінде мыңдаған аналық жасуша бар. Жыныстық жетілу кезеңі аяқталған соң, ай сайын аналық бездерде фолликулалар дамиды, оның ішінде біреуі аналық жасушасы (ооцит) пісіп жетіледі. «Овуляция» деп аталатын осы процесс етеккірге 14 күндей (+-2күн) уақыт қалғанда болады. Егер аталған аналық жасуша сперматозоидпен «кездеспесе», ол құрып, жойылады. Ай сайын жүктілікке дайындалған жатырдың ішкі (функционалді) қабаты қалыңдап, жұмсарады. Дене ұрықтанудың болмағанын сезінгенде, аналық жасуша мен жатырдың ішкі қабаты етеккір (менструация) атты қанды сұйықтық түрінде қынап арқылы денеден шығарылады. Әрине, аналық жасушаны, ол өте ұсақ болғандықтан, аспапсыз көзбен көруге болмайды. Гормондық өзгерістер көңіл күйіне өз әсерін тигізеді. Аналық циклінің бірінші фазасында фолликулостимулдеуші гормон бөлінгендіктен адам жігерлене түседі, ал аналық циклінің екінші фазасында прогесторон бөлінгендіктен адам жыламсырап, ашуланып көңіл үйі өзгеруі, сүт безі ісіңкіреп, бетте безеулер шығуымен өзгерістер болады.
Дереккөздер
Санат:Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің физиологиясы