Еспемейірман, Қарасу – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 434 км2.
Бастауы Қызылтас тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Аралтөбе (655 м) тауына 1 км-дей жетпей сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы тік жарлы, тастақты. Жазда суы тартылып қалады. Кішігірім 26 саласы бар. Еспемейірман мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы