Ешкіөлмес – Жетісу Алатауының солтүстік сілемі бойымен 22 км-ге созылып жатқан тау. Енді жері 10 км-ге жуық.

Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1510 м.

Жер бедері Ешкіөлместің оңтүстігімен ағып өтетін Ағынықатты және шығысындағы Лепсі өзендері беткейлері тік шатқалды, жартасты келген. Солтүстік, солтүстік-батысы бөктерленіп Қарғалы, Қойлық, Черкасское ауылдары тұсында жазыққа ұласады. Беткейлері сай-жыралармен қатты тілімденген.

Өсімдігі Беткейлерінде қайың, терек аралас алма, долана, т.б. жеміс ағаштары, етегінде шалғынды астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Батысымен Теректі, шығысымен Лепсі өзендері ағып өтеді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы