Ағанас – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы көл. Қабанбай батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 2,0 км2. Теңіз деңгейінен 346 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,1 км. Жағалау бойының ұзындығы 6,8 км. Көл жағалауында қамыс өскен.
Санат:Целиноград ауданы көлдері