Азынабай-тайпақ жазығы – Жайық өзенінің сол бетінде орналасқан табиғи көлтабанды өңір.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жерінде.

Сипаты Өлеңті өзенінің тартылар тұсындағы Аяқ бөгенінен Азынабай-тайпақ суландыру жүйесі басталады. Жүйедегі арнаның жалпы ұзындығы 115 км, су ағымы 2,5 м3/с. Су ағымын реттегіш 73 қондырғы, мал суаратын 42 тоған бар. Көлтабан жүйесіндегі шөбі шүйгін жайылымдық және шабындық алқаптар су мол жылдары 45 мың га-ға дейін суландырылады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазықтары Санат:Батыс Қазақстан облысы географиясы