Ангара (бур. - Ангар мүрэн) “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 — Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі мен Иркутск облысындағы өзен.

thumb|left|220px| Ангара Енисейдің (Енесай) оң жақ саласы. Ұзындығы 1779 км, су жинау алабының ауданы 1039 км2. Байкал көлінен бастау алады. Өзенге бөгендер көп салынған. Құяр сағасына таяу жерде Енисей бұйратын кесіп өтеді; аңғарының ені 3-4 км. Басты салалары: Іркіт, Китой, Ақсу, Ока, Ия, Илим, Чадобец. Байкал көлінің және қар, жаңбыр суларымен толысады. Иркутск қаласы тұсындағы көпжылдық орташа ағыны 1700 м3/сек. Братск СЭС-і маңында 2900 м3/сек. Төменгі ағысында қараша айының 1-жартысында, Братск бөгенінде желтоқсанда мұз қатады; мамырдың 1-жартысында мұзы ериді. Өзен арқылы Иркутскіден Байкалға және Братск СЭС-іне дейін тұрақты кеме қатынайды. Басты порттары: Иркутск, Ангарск, Братск. Өзеннен шоқыр, бекіре, хариус, елец т.б. балықтар ауланады.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Ресей өзендері