Михаил Федорович Аранышев (12 қараша 1912, Ресей, Нижний Новгород облысы Вача ауданы Клин селосы — 18 қараша 1989, Алматы) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1959).

Өмірбаяны 1937 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік кинематография институтын (Б.И. Волчектің шеберханасында) бітірген. “Ленфильм” жұмыс істеген. кейін Орталық біріккен көркем фильмдер киностудиясында (1942-43, Алматы) жұмыс істеген. 1946 жылдан Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер киностудиясында (“Қазақфильм”) қызмет еткен.

Түсіруге қатысқан фильмдері Әр алуан деректі, хроникалық фильмдермен қатар киноочерктер және көркем фильмдерді: “Махаббат туралы аңыз”, 1953; “Дала қызы”, 1954; “Өжет қыз”, 1955; “Тасқын” “Даладағы қайыңдар”, 1956; “Менің атым Қожа”, 1964; “Жаңғырық” (1966 — 67) “Мың шақырымдық жол”, 1968; “Құлагер”, 1972; “Балалық шаққа саяхат”, 1970; “Көзілдірікті қоян”, 1981, мультфильм; “Бандыны қуған Хамит”, 1981 т.б. түсіруге қатысты.

Марапаттары 1952 жылы “Советтік Қазақстан” аталатын деректі фильмі үшін Сталиндік сыйлық.Қазақ ұлттық энциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1959). 2 рет "Құрмет Белгісі" ордені.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.

Дереккөздер

Санат:Нижний Новгород облысында туғандар Санат:Қазақстан кинооператорлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:КСРО кинооператорлары Санат:XX ғасыр кинооператорлары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері