Артаксеркс III (б.з.д.425-б.з.д. 338) — Ахемен әулетінен шыққан парсы патшасы; б.з.д. 358 — 338 ж. аралығында ел билеген, Артаксеркс II патшаның ұлы. Өзінің ағаларын аяусыз жаныштау арқылы таққа отырған. Ахемен әулеті мемлекетінің тұтастығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Сатраптардың жалдамалы әскер ұстауына тыйым салды. Кіші Азиядағы, Финикиядағы, Кипрдегі бірқатар көтерілістерді қаталдықпен басып-жаншыды.

Б.з.д. 341 ж. жүз елу жылдай бұрын Ахемен әулеті мемлекетінен бөлініп кеткен Мысырды қайтадан қосып алды. А. ІІІ өзінің қолбала әтекқұлының қолынан қаза тапты.

Дереккөздер

Санат:Б. з. д. 425 жылы туғандар Санат:Б. з. д. 338 жылы қайтыс болғандар Санат:Парсы патшалары Санат:Перғауындар Санат:Өлтірілген монархтар