Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны — Қызылорда облысы Жосалы темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде. 1985 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы Арысқұм мұнай-газ конденсат кен орны Арысқұм грабен-антиклиналінің орталығы бөлігіндегі антиклиналдық иілімді алып жатыр. Кен шоғыры төменгі бор жыныстарына байланысты түзілген.

Жатыс сипаты Өнімді қабат 928 м тереңдікте тектоникалық тұрғыдан оқшау орналасқан. Оның жалпы қалыңдығы 20 м шамасында, тиімді қалыңдығы 12-15 м, мұнай сіңірілген қалыңдығы 3,2-12,6 м. Коллектордың кеуектілігі 17,4е, өткізгіштігі 0,054 мкм2.

Қанығу сипаты Мұнай сіңірімділік коэффициенті 0,66; газ сіңірімділік коэффициенті. 0,697. Кен әлсіз цементтелген гравелиттен, құмнан, құмтастан, алевролиттен тұрады. Бастапқы қабат қысымы 10,49 МПА, температурасы 44°С болған. Газдық фактор 39,7 м3/т. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі: мұнай бойынша — 60,9 м3, газ — 69,62 мың м3.

Құрамы Кеннің мұнайы жеңіл (0,854 г/см3), құрамында күкірт (0,46:), парафин (9,7-27,2), шайыр (16,65) бар. Газ негізінен метаннан 93,86 тұрады. Газдағы конденсат мөлшері 9,4-15,2 г/м3, оның тығыздығы 0,738-788 кг/м3. Кен орны “Тұранпетролеум” біріккен кәсіпорнына игеруге берілген (1995).АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Қызылорда облысы кен орындары