Омархан Асылұлы (1937 жылы туған, ҚХР, Шыңжан-Ұйғыр авт. районы, Тарбағатай аймағы) — ғалым. Шыңжан институтын бітірген (1957). 1957 — 1961 жылы осы институтта оқытушы қызметін атқарды. 1961 — 1980 жылы саяси науқандар кезінде “оңшыл”, “ұлтшыл” деген айыппен айдауда болды. 1980 жылдан Шыңжан тіл-жазу комитетінде қызмет істеп келеді. Қытай-түркі тілдерін зерттеу, Қытайдағы аз ұлттар әдебиетін зерттеу ғыл. қоғамдарының, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжан Қазақ тілі мен мәдениеті ғыл. қоғамының бас хатшысы. Омархан Асылұлы — Қытайдағы қазақ тілі білімі мен әдебиет саласы бойынша бірнеше кітаптардың авторы. Қытайдағы қазақтардың жазу емлесін жүйеге түсіруде көп еңбек сіңірген. Шығармалары: Еміле туралы білім, Үрімжі, 1989; Шығарманың жаны — шындық, Үрімші, 1990; Морфология, Үрімші, 1991; Қазақ жазуының тыныс белгілері, Үрімші, 1992; Қазақ тілі айтылымының негізгі ережелері, Үрімші, 1997.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Дереккөздер
Санат:1937 жылы туғандар Санат:Қазақ тілі Санат:Қытай қазақтары