Нарсұтбай (Нұрсұлтан) Есеболатов (1913, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Есеболатов ауылы - 16 қараша 1941, Мәскеу облысы, Волоколам ауданы, Дубосеково темір жолы айырмасы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер.
Өмірбаяны 1938—41 жылы Алматы трамвай тресінде жұмыс істеген. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылған. Осы жылы 16 қарашада Мәскеу облысы, Волоколам ауданы, Дубосеково темір жолы айырмасында танкіге қарсы шайқасатын топтың құрамында (саяси жетекші В.Г.Клочков бастаған) жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс беруге және 18 танкісін жоюға қатысты. Осы шайқаста Есеболатов ерлікпен қаза тапты. Волоколам ауданының Нелидово деревнясындағы бауырластар зиратына жерленді. Бұл ерлік 28 батыр-панфиловшылар ерлігі деген атпен тарихқа енді.
Марапаттары мен естелік КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Есеболатовқа Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (21.7.1942)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 21 июля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 23 июля (№ 28 (187)). — С. 1.. Олардың құрметіне Мәскеу қаласының Северное Тушино ауданындағы бір көше Батыр-панфиловшылар көшесі аталып, онда мемориалдық тақта орнатылған. 1975 жылы Дубосековода мемориалдық тақта, Нелидово деревнясында (Дубосеково темір жолы айырмасынан 1,5 шақырым жерде) батыр-панфиловшыларға ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ бар, онда оларға арналып монумент койылған. Алматы облысы,Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде көше мен мектепке Есеболатов есімі берілген.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Панфиловшылар Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар