Филипп Савельевич Мазуров(12.6.1903, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Кудряшом ауылы - 15.12.1954, Ресей, Астрахан қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ефрейтор, сапер,орыс. Соғысқа дейін Астрахан қаласындағы балық комбинатында жұмыс істеді. 1942 жылдың қаңтарында Кеңес әскері қатарына шақырылып, сол жылдың ақпанынан Орталық майдан 61-армия 81-атқыштар дивизиясы 196-жеке саперлер батальоны құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған түні 410-атқыштар полкі 3-атқыштар батальоны құрамында Новоселки деревнясы (Чернигов облысы,Репки ауданы,Любеч ауылы) аумағында жауып тұрған оқтың астында екі ескекті қайықпен Днепрден 9 рет өтіп, 55 жауынгер және оқ-дәріні, сонымен қатар батыс жағалаудан 3 жаралы жауынгер мен командирді, 3 станокты пулемет пен 1 рацияны жеткізген. Мазуровқа шайқаста жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.1.1944)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1.. 

Соғыстан кейін Астрахан қаласында тұрып, сонда еңбек етті. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1903 жылы туғандар Санат:Құрманғазы ауданында туғандар Санат:1954 жылы қайтыс болғандар Санат:Астраханда қайтыс болғандар