Григорий Яковлевич Михеев (7.1.1919, Солтүстік Қазақстан облысы,Петропавл қаласы - 5.2.1945, Шығыс Пруссия) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, капитан, орыс.

Краснодар жоғарғы авиациялық ұшқыштар училищесін бітірген (1939). Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап жауынгерлік операцияларды орындауға қатысқан. 1941 жылдың қарашасындағы ауыр күндерде Мәскеу аспанында шайқасты. 27 қарашада Михеев Истра ауданында болған әуе шайқасында «Хейнкель-113» ұшағын, сонымен қатар жаудың 2 взвод әскері мен 15 автокөлігін жойды. Моторы зақымданған ұшақты аэродромға жеткізіп, экипаж бен машинаны аман алып қалды. Шебер ұшқыш 1942 жылы 1 мамырда ұзақ ұшу арқылы барлау жүргізетін 10-жеке авиация полкіне ауыстырылды. Жау тылындағы аэродромдарды, әскердің жылжу бағыттарын бақылап, Батыс майданының 1-әуе армиясы басқармасына дер кезінде мәліметтер жеткізіп отырды. Ол әуеден түсірілген суреттер арқылы Брянск мен Сеш қалаларына таяу орналасқан жау аэродромдарына соққы берілді. Михеевке көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.5.1943)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему составу Военно-Воздушных сил Красной Армии» от 24 мая 1943 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1943. — 31 мая (№ 20 (226)). — С. 1.

1945 жылдың ақпанында жау тылында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан.

Ленин, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:7 қаңтарда туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Петропавлда туғандар Санат:5 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Шығыс Пруссияда қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО авиация майорлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Калининградта қайтыс болғандар Санат:Краснодар жоғарғы авиациялық ұшқыштар училищесі түлектері