Бейсен Сейітұлы Оңтаев (3.5.1922, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қарааспан ауылы - 21.06.1991) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер, кеңес Одағының батыры.
Қоңырат тайпасының Құлшығаш руынан шыққан.
Ата-анасынан жастай жетім қалып, Арыс қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс қарсаңында Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, Отырар, Мактаарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері катарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, Орталық майдан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шабуылдардың бірінде бекінген жау жаяу әскерге бас көтертпеді. Оңтаев бастаған 13 жауынгер жер бауырлап жау траншеясына жетті. 10 танкіні қалқалаған 200-ден астам жау әскері аз ғана топқа қарсы ұмтылды. Ал барлаушылар 4 танкіні талқандап, 80-нен астам жау әскерін жойды. 1943 жылы15 қазанда Радулі деревнясы (Украина, Чернигов облысы,Репки ауданы) маңында Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Оңтаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, мектеп директоры қызметінде болды.
Туған ауылына, сонымен қатар орта мектепке Оңтаев есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:3 мамырда туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Ордабасы ауданында туғандар Санат:21 маусымда қайтыс болғандар Санат:1991 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы барлаушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО офицерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар