Battlefield 3 () — бірінші жақ шутері жанрындағы компьютерлік ойын, Battlefield ойындар сериясының ойыны. DICE студиясында жасалып, Electronic Arts компаниясымен басып шығарылған. Ойын (Microsoft Windows Vista, Windows 7), PlayStation 3 және Xbox 360 платформалары үшін Солтүстік Америкада 2011 жылдың 25 қазанында, ал Еуропада 2011 жылдың 28 қазанында шықты. EA Mobile iOS платформасы үшін портты растады. Шығарылған бірінші апта ішінде ойынның 5 миллион көшірмесі сатылып, көптеген геймерлерден жақсы сынға ие болды.

Ойын тек DirectX 10 және 11-ді қолдайтындықтан, Windows Vista-дан бұрынғы Windows нұсқаларын қолдамайды. ПК версиясы EA Origin платформасына эксклюзивті болып табылады.

«Battlefield 3» — 2005 жылы шыққан «Battlefield 2» ойынының сиквелы. ПК-ойындарда бір картадағы максималдық ойыншылар саны - 64, студияның ойынша бұл оптималды сан, (2011 жылдың тамызында 64 ойыншымен видео алғаш рет көрсетілді ), ал PlayStation 3 және Xbox 360 үшін ойынның консольді нұсқасында максималдық ойыншылар саны 24.

2012 жылдың шілдесінің соңына қарай ойынның 15 миллион көшірмесі сатылды (ойын толықтыруларын қоспағанда)..

Кампания режимінде ойыншы бірнеше әскери рольдерді атқарады, Force Recon Marine, F/A-18 қару-жарақ система офицеры, M1A2 Abrams танк операторы, GRU Spetsnaz жұмыскері. Кампания әр-түрлі жерлерде орын алады, Ираннан Нью-Йоркке дейін Сержан Блакберн оқиғасы, кейін Дмитрий Маяковский оқиғасы.

Дереккөздер

Санат:Компьютерлік ойындар