I Әлемгір (; 3 қараша 1618 жыл — 3 наурыз 1707 жыл) — Ұлы Моғолдар патшалығының 6-шы падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың неменесі. I Акбардың шөбересі.
Толық атағы: әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хазірет Әбілмұзаффар Мүхйиаддин Мұхаммед Аурангзеб Баһадүр I Әлемгір, Падишаһ-и-Ғази, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия.
Өмірбаяны Шын аты — Аурангзеб. Әкесінің тұсында Деканның наменгері болды (1636-1644, 1652-1657). I Шаһ Жаһанның төрт ұлы арасында 1658-1659 жж. тақ үшін таласта Аурангзеб әскери күшінің басымдылығы мен жеке айлакерлігі арқасында жеңіске жетті.
Билеген жылдары Патшалық солтүстігіндегі Қандағар, Балх, Декан, Ахмаднагар, Биджапур және Голконданы өзіне қарату үшін ұрыстар жүргізді. Елді күйзелтті; соғыстар, алым-салық мөлшерінің өсуі, шивадждар, джаттар раджпут раджаларының наразылығын, көтерілісін туғызды. Ақырында Аурангзебтің өз ұлдары бүлік шығарып, Ұлы Моғолдар патшалығы терең дағдарысқа душар болдыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Дереккөздер
Санат:1618 жылы туғандар Санат:1707 жылы қайтыс болғандар Санат:Агра тұлғалары Санат:Ұлы Моғолдар падишаһтары Санат:Үнді монархтары