Алымдар - мемлекеттік органдардың көрсететін қызметтері үшін заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті, ақшалай төлемдер, олардан алынатын ақша (алымдар). Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алым. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жылжымалы мүлік пен кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы. Утилизация алымы. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қойғаны үшін алынатын алым. Аукциондардан алынатын алым. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым. Гелевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң