Альтамира — жоғарғы палеолит дәуірінен сақталған үңгір. Испаниядағы Сантандер қ-ның оңт-де, Пиреней мүйісіне орналасқан.
Көне дүние тарихымен әуестенуші Марселико де Саутуолой 1875 ж. үңгір ішіне сұғына еніп, ежелгі адамдар тұрағының іздерін тапты. 1879 ж. үңгір төбесіне салынған суреттер табылды. Онда жоғары палеолит кезеңіне жататын бизондар мен басқа да аңдардың табыны (ұзындығы 2,25 м) бейнеленген. А. үңгіріндегі табылған таңбалар алғашқы қауымдық қоғам адамдары танымы мен мәдениетінің даму деңгейінен мағлұмат береді.
Санат:Испаниядағы әлемдік мұра Санат:Испания үңгірлері Санат:Еуропа петроглифтері Санат:Тас ғасыры Еуропасы Санат:Үңгірлер - археологиялық ескерткіштер Санат:Экскурсиялық үңгірлер Санат:Кантабрияның мәдени мұра нысандары