Ислам Ілиясұлы Байрамуков (12 маусым 1971 жыл, Каменка ауылы, Жамбыл облысы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы) Қазақ КСР) — қазақстандық балуан, еркін күрес шебері. Ұлты қарашай.
Өмірбаяны Республикалық олимпиадалық резерв училищесін; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын дене шынықтыру мен спорт оқытушысы мамандығы бойынша (1993) бітірген.
1993 жылдан - «Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы.
2010 жылдан бері - ҚР Күрес федерациясы президентінің еркін күрес жөніндегі кеңесшісі.
Жетістіктері
Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000); XII Азия ойындарының қола жүлдегері (Хиросима); Азия чемпионы (Гьюлин, 2000); Орталық Азия ойындарының чемпионы (1995).
Марапаттары
Халықаралық кластағы спорт шебері (1999). Еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). «Парасат» ордөнімен (2000) марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 Дереккөздер
Санат:Қазақстан балуандары Санат:Қазақстанның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:1971 жылы туғандар Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Күрестен Азия чемпиондары Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар