Сүлеймен Есқараев (1897, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы — 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны 1910 — 18 ж. Ақмешітте (қазіргі Қызылорда) кірпіш зауытында, темір жолда жұмыс істеген.
Азамат соғысына қатысқан.
1919 — 20 жылдары Ташкенттегі кеңес-партия мектебінде оқыды.
1920 — 25 жылдары РК(б)П Сырдария облысы комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Ташкент облысы төтенше комиссиясы бастығының орынбасары
Ақмешіт уездік-қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы
РК(б)П Түркістан ОК бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары
Сырдария облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы
РК(б)П Сырдария облысы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
1925 — 28 жылдары Қазақ АКСР ішкі істер халық комиссары қызметтерін атқарған.
1928 жылы ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып, Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы болды (1928 — 29).
1930 — 33 жылдары Мәскеуде Бүкілодақтық жоспарлау академиясында оқыған.
1933 — 36 жылдары Қарағанды облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы
1936 — 37 жылдары Қазақ КСР Заң халкомы және республика прокуроры
Қазақ КСР Халком Кеңесі төрағасының орынбасары болды.
1937 жылы тамызда Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жетекшілерінің бірі деген жалған айыппен тұтқындалып, 1938 жылы Алматы қаласында атылған. 1957 жылы 5 қарашада ақталды. Есте қалдыру
Қызылорда қаласындағы бір көшеге Есқараев есімі берілген.
ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1485 қаулысымен ҚР Бас прокуратура жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібін зерттеу Институтына Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімі берілді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Дереккөздер
Санат:1897 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:25 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қызылорда әкімдері Санат:Қазақстан ішкі істер министрлері Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Қазақстан прокурорлары Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қайтыс болған соң ақталғандар