Жабай Қарабиұлы (1697, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қарағайлы кент жағалауы — 1770 жылдары, сонда) — батыр. Орта жүз құрамындағы керей тайпасының ашамайлы руынан шыққан.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарға қатысып, ерлігімен көзге түскен. Жабай Қарабиұлы батыр туралы Дәстем салдың “Қаһармандар” дастанында айтылады. Оның ерліктерін Бұқар жырау, Үмбетей, Жанкісі, Тәтіқара, Көтеш, Шал ақындар жырлаған.
Жабай Қарабиұлы батырдың Тоқсан, Сексен, Мыңжасар есімді ұлдарынан тараған ұрпақтар бүгіндері Ресейге қарасты Түмен облысы мен Солтүстік Қазақстан аумағында тұрады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ер Жабай батыр елеусіз қалды Социал Жұмабаев. Ұлылар туғАН
Санат:1697 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:1770 жж. қайтыс болғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Қазақ-жоңғар соғысына қатысушылар