Жаман Ақкөл, Ақкөл — Ұлы Жыланшық өзенінің сағалық алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде, Торғай қолатының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 115 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 41,2 км2, ұзындығы 12-13 км, ені 6 км. Жауын-шашын және Ұлы жыланшықтың жайылма суымен толығады, жазда тартылып сортаңды батпаққа айналады.

Жағалау сипаты Жағасы жайпақ, батпақты, тастақты-құмды, солт.-батысы көтеріңкі, аласа кемерлі келеді. Суы тұзды, қар суы қосылғаннан кейінгі минералдылығы 2,0-3,5 г/л-ге төмендейді, қыс айларында 7 г/л-ге жетеді. Ақбасты өзенінің қосылатын тұсында мал ішуге жарамды. Алабы — көктемгі шабындық, жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жангелді ауданы көлдері