thumb|right|200px| Жәнәбіл Сымағұлұлы (1934 жылы, Қытай, Алтай аймағы, Қаба ауданы – 22 қараша 2024 жылы Қытай, Үрімжі) — Қытайдағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан қоғам және мемлекет қайраткері.
1955–1960 жылдары Қаба және Шіңгіл ауданы жастар одағы к-тінің хатшысы болған. 1960–65 жылдары Пекинде Орт. партия мектебінде жоғары білім алған. Алтай аймағының уәлиі (1966–1967) Бурылтоғай ауданы партия к-ті хатшысының орынбасары (1971–1972) Алтай аймақтық төңкерістік к-ттің меңгерушісі (1972–1974) Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданының төңкерістік к-т төрағасының орынбасары Іле облысы партия к-тінің 1-хатшысы (1974–1993) Шыңжаңда өкімет төрағасының орынбасары (1978–1979) Шыңжаң ұйғыр автономиялы районының партия к-ті хатшысының орынбасары (1979–1993) қызметтерін атқарды. 2024 жылы 22 қарашада таңғы сағат 02:18 (Бейжиң уақыты) Үрімжі қаласында 90 жасында қайтыс болды.
Ж. ұзақ жылдар Шыңжаңдағы оқу-ағарту, мәдениет жұмыстарына белсене араласты. Қытай коммунистік партиясы он бірінші сайланған орт. к-тінің 3-жалпы мәжілісінен кейін Дэн Сяо Пиннің реформасын іске асыруға ат салысып, мәдени революция кезінде жалған жаламен сотталғандарды ақтау ісіне басшылық етті. Ж. оқу-ағарту ісіне реформа жасауды қолға алып, “Іле” халық баспасын, көркемөнер үйірмелерін құруға, Іле қазақ театрын ашуға, “Шалғын”, “Мұра” журналдарын шығарып, қазақ халқының фольклорын, мәдени мұраларын жинап, кітап етіп бастыруға елеулі үлес қосты.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ауыт Мұқибекұлы. Алатаудың бір шыңы – арғы бетте
Санат:1934 жылы туғандар Санат:Алтай аймағында туғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Алтай аймағының уәлилері Санат:Шыңжаң қоғам қайраткерлері Санат:Қытай мемлекет қайраткерлері Санат:Іле Қазақ автономиялық облысы уәлилері